«Адал жүрек» республикалық қайырымдылық акциясы өтті

сурет

            5 қазан күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің паркінде «Адал жүрек» республикалық қайырымдылық акциясы өтті.

            Акцияның негізгі мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ тұрмысы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан жасөспірімдерге қоғам болып қаржылай көмек көрсету.

           Қайырымдылық марафоны жеңілатлетикалық жүгіріс спорт түрінде өткізіліп, жарыс жеңімпаздарына арнайы жүлделермен марапатталды.

           Марафонға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департамент қызметкерлері қатысып, өз үлестерін қосты.

Қазақ