Алматы қаласы бойынша 2019 жылғы 1 тоқсандағы зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің тағайындалу/бас тарту жұмысы туралы мәліметтер

фото

2019 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы қаласында жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2402 адамға тағайындалды (қайта қаралған істерді қоса есептегенде), оның ішінде 416 іс өңдеуге қайтарылды, 10 адамға тағайындаудан бас тартылды; Мүгедектігі бойынша тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлемдерінің саны 3711 істі құрайды (қайта қаралған істерді қоса есептегенде), оның ішінде 24 іс өңдеуге қайтарылды, 2 адамға тағайындаудан бас тартылды; асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 868 адамға тағайындалды (қайта қаралған істерді қоса есептегенде), оның ішінде 49 іс өңдеуге қайтарылды, 4 адамға тағайындаудан бас тартылды; арнайы мемлекеттік жәрдемақы 1536 адамға тағайындалды (қайта қаралған істерді қоса есептегенде), оның ішінде 30 іс өңдеуге қайтарылды, 12 адамға тағайындаудан бас тартылды; бала туғанда және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы 8047 адамға тағайындалды; мүгедек баланы күтушіге тағайындалған жәрдемақы саны 621 істі құрайды (оның ішінде қайта қаралған істер), оның ішінде 5 іс өңдеуге қайтарылды; жерлеуге тағайындалған біржолғы төлемдер 1889 адамға тағайындалды, 2 адамға тағайындаудан бас тартылды; МЗЖ-ның сақталуына мемлекеттік кепілдік беру бойынша тағайындалған төлемдер саны 868 істі құрайды, 3493 адамға тағайындаудан бас тартылды; Семей ядролық сынақ полигоны бойынша тағайындалған біржолғы өтемақы саны 194 істі құрайды. Бюджеттік субсидиялау - 5181 іс.

Қазақ