Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 69-н/қ бұйрығымен Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі болып басшының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Дараева Ризвангуль Мамежановна тағайындалды.

Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.

Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.

Әдеп жөніндегі уәкіл Алматы қаласы Достық даңғылы, 134 үй, 6 қабат 610 кабинетте отыр, тел. 393-48-36, r.daraeva@enbek.gov.kz

Азаматтарды Департаменттің мемлекеттік қызметшілері тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша қабылдаулар әр айдың соңғы жұма күні сағат 09:00- ден 17:00 ге дейін жүзеге асырылатын болады.