Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге сомасында зейнетақы төленді

2019 жылғы қаңтардан тамызға дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 469,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері -1 029,7 млрд теңге бағытталды.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171,2 мың адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190,1 мың адам алады.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 679 теңгені құрады. Ол ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлердің саны 2 миллион 190 мың адамды құрады, оның ішінде 2019 жылы шамамен 43 мың жаңа зейнеткерлер.

Қазақ