25.07.2019ж. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бөлім басшысы Шамиева Ардақ Мүбарак қызы «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы» «Алматы» теле арнасына сұхбат берді.

Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы Мемлекет басшысының 2013 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан халқына зейнетақы реформасы  мәселелері  жөніндегі үндеуінде  айтылған  тапсырмаларын кезең-кезеңмен орындау үшін әзірленді.

          Жаңғыртудың бірінші кезеңінде зейнетақы жүйесінің қаражат тұрақтылығын нығайту мақсатында 2013 жылы «Әлеуметтік қамсыздандыру туралы» жаңа Заң қабылданған болатын.

           Бұл Заңда қарастырылған түбегейлі өзгерістердің бірі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  зейнетақы жүйесіндегі жаңа шартты-жинақтаушы компонентінің енгізілуі.

           Қызметшілердің жалақысынан ұсталынатын 10%-дық міндетті зейнетақы жарналарына жұмыс беруші  5%-дық міндетті зейнетақылық жарналарын жіберіп отырады. Шартты-жинақтаушы жүйеде зейнетақылық төлемдерді алғанға дейін минималды қатысу өтілі қарастырылған (60 ай). Осыған орай, зейнетақы төлемдерін 5 жылдан кейін ала алады.

             2025 жылдан бастап, осы жарна қаражатынан зейнеткерлік жасқа жеткен және жарналарды төлеп отырған азаматтарға зейнетақы төлемдері төленіп отырады(58-63/63), сонымен қатар, мүгедектігі өмір бойына белгіленген I және II топ мүгедектеріне де төленеді.

              Ең маңыздысы, бұл төлемдер ай сайын өмір бойына төленіп отырады. БЗЖҚ қаражат мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне байланысты зейнетақы мөлшері жыл сайын өсіп отырады. Сонымен қатар, заңнамамен 2 еселік күнкөріс деңгейі  мөлшерінде ең жоғарғы зейнетақы тағайындалады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қарағанда, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) қаражатынан жиналған зейнетақы қоры мұраға калмайды (себебі қызметшінің жеке меншігі болып табылмайды).

              Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары «Көбірек еңбек етсең – зейнетақы да көп болады» деген принципті жүзеге асырады.

Қазақ