Мүгедектерді оңалту

Денсаулық жағдайына байланысты инвалидтікке шығу бойынша

Сәлеметсіздерме! Менде қыркүйек айының аяғында "қуықта ісік" бар екені анықталып диагноз қойылды. Желтоқсан айының 23-не ауруханаға операцияға жаттым, 26-шы желтоқсанда операция жасалынды, операция барысында қуықты түгелімен алып тастады. Қаңтар айының 28-не Алматы қалалық №23 поликлиникасына тіркеуге тұрдым. Қазіргі таңда Қалалық Онкология Орталығында 4-курс химиямды алып жатырмын. Еш жерде жұмыс жасамаймыз.

Ответ: 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Сіздің мүгедектік тағайындау туралы сұрағыңыз бойынша жауап ретінде хабарлайды:

Мүгедектікті белгілеу тәртібі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жургізу қағидаларымен» реттеледі.

Сол қағидаларға сәйкес, МӘС бөлімінің немесе МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің сараптамалық қорытындысы ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және өзге де деректерді) қарау, куәландырылатын адамды тексеру және медициналық көрсетілімдердің негізінде организмнің жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалауға байланысты шығарылады.

            Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.

Қосымша хабарлаймыз, медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (ДКК) төрағасы қамтамасыз етеді.

Сізге емдеу мекемесіне жүгінуіңізге болады, олар көрсеткіш болған жағдайда тұрғылықты тіркелген жеріңіз бойынша МӘС бөліміне жолдайды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қантардың «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 10,12,14 бабтарына  сәйкес, Сіз ҚР заңнамасымен белгіленген ретпен осы жауапқа шағым беруге құқығыңыз бар.