Қазақстанның барлық өңірлерінде аз қамтылған, көп балалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау көрсетуге бағытталған «Менің кәсібім» атты жобасы іске қосылады.

Бұл жобаны жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен оның тікелей авторы Айжани Нұрланова жүзеге асырады. Жалпы үйлестіруді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асыратын болады.

20.09.2019 - 06:40
Өзгертілді: 20.09.2019 - 06:40

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Алматыға жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қаланың әлеуметтік ұйымдары мен жұмыспен қамту орталықтарына барып, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

20.09.2019 - 06:33
Өзгертілді: 20.09.2019 - 06:33

2019 жылғы 5 қыркүйектен бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) жанында жұмыс істейтін «111» coll-орталығының қызметкерлері тәулік бойғы режимде қазақстандықтарға борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша 58,5 мыңнан астам консультация берді.

20.09.2019 - 06:24
Өзгертілді: 20.09.2019 - 06:24

Беттер