Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру

Мүгедек көмекшісімен, 1 шілдедегі соңғы мүгедектерге күтім жасайтын адамдар туралы

<p>Мен 1-топ мүгедегімін, 1-шілдегі дейін&nbsp; мүгедектің көмекшісі болды, ол сыртқа шығару, поликлиникаға апару т,б жұмыстармен айналысты, Енді осы соңғы жаңалыққа байланысты сұрақ::</p>

<p>бұрынғы жеке көмекшімен қазіргі мүгедектерге күтім жасайтын адамдардың айырмашылығы қандай?&nbsp;</p>

<p>Мүгедекке күтім жасайтын адамдарға қойылатын талаптар қандай, отбасының адамы, көмек беруші бола ала ма?&nbsp;</p>

Ответ: 

Сәлеметсіз бе!

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша Сіздің қойылған сұрақтарыңызға келесіні хабарлаймыз.

Қолданыстағы 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының N 63 Заңының                9.2 бабына сәйкес, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі өтініш жасаған күннен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады және төленеді.

                   Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыру:

         1) күтімді жүзеге асыратын адам мен бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің бір елді мекенде бірге тұруын;

         2) қанағаттандыру қажеттігі тәулігіне бір және бір реттен көп туындайтын бір немесе бірнеше реттелмейтін зәру қажеттілікті орындау үшін (жеке гигиенаны сақтауда, киіну, тамақ ішу, физиологиялық қажеттерін орындау, тұратын жерінен межелі пунктке дейін және қайтар жолда алып жүру және басқалар кезінде) күтімді жүзеге асыратын адамның бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке көмегін көздейді.